«Әділет» партиясы цифрлық платформаларда жұмыс істейтін азаматтардың құқығын қорғау мәселесін көтерді

Қазақстанда бір миллионға жуық адам цифрлық платформалар арқылы табыс тауып жүр. Оның 36 пайызы - 26 мен 35 жас аралығындағы азаматтар.  Бұл туралы «Әділет» партиясы ұйымдастырған дөңгелек үстелде талқыланды. Жиында цифрлық платформалар арқылы жұмыс істейтін азаматтардың құқығын қорғау, әлеуметтік төлемдер мен платформа операторларының жауапкершілігі сөз болды. Биылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін әлеуметтік төлемдерді де қарастыратын арнайы салық режимі қолданыла бастады. Сондай-ақ, цифрлық платформа операторлары мен қызмет көрсетушілер арасындағы есеп айырысуды ашық жүргізуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа ережелер әзірленіп жатыр. 

ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Күн сайын мынау ақпараттық технологиялар платформалардың қатары көбейген сайын тәуекелдер де сонымен қатар өседі. Платформалар пайда болып, азаматтарға өз қызметін ұсынғаннан кейін оларға да қойылатын талап жоғары болу маңызды. +Міне осы құзыреттердің тиісті уәкілетті органдардың, тиісті министрліктердің арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіру, айқындау аса маңызды, және оны құқықтық тұрғыда реттеу, яғни заңнамада заңға тәуелді актілермен  нақтылап айқындап алу аса маңызды.