105 елдің азаматы елге бір реттік электронды виза арқылы келе алады

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2026

Қазір 105 елдің азаматы елге бір реттік электронды виза арқылы келе алады. Шетелдік туристерді тарту үшін визалық рәсімдер жеңілдетіліп, халықаралық әуе қатынасы кеңеюде.  Ал қашықтан еңбек ететін шетелдіктерге арналған Neo Nomad визасын биылғы қазанға дейін 103 адам алып үлгерген. Әуе қатынасы да қарқынды дамып, биылғы тоғыз айда 24 жаңа бағыт ашылды және 31 елмен 137 бағыт бойынша ұшу жолға қойылған. Сонымен қатар Кендірлі, Зайсан және Катонқарағайда жаңа әуежайлар салынып, Арқалық әуежайы қайта іске қосылды. Ал ел  ішінде отбасылық сапарды қолдау үшін де біршама жұмыстар басталған. 

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Мына тур операторларға шетелден әкелетін туристерге субсидия жасайды. Балаларымыз еліміздің ішінже, мына тур арқылы жанұялық демалысты қамту үшін Kids Go Free, балалардың билеттері сатылады. Бүгінгі күні 7 тетік бойынша жұмыс жасалып жатыр, ары қарай біз оны да күшейтуге дайынбыз.