Бірқатар өңірде жауын жауып, көктайғақ болады

Ашық дереккөз

Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Astana TV.

Тұман: Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Орал, Атырау, Қостанай, Павлодар қалаларында және облыстардың жекелеген аудандарында күтіледі.

Жауын-шашын және көктайғақ: Астана қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстарда болжанады.

Қатты жел: Шымкент қаласында, Таразда, Ақтауда, Абай, Жетісу және басқа да өңірлерде жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 23–28 м/с болуы мүмкін.