Кристина Шумекова 1000 метр қашықтықта бесінші орын алды

ҰОК

Жапонияның Обихиро қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі басталды

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова 1000 метр қашықтықта бесінші орын алды, деп хабарлайды Astana TV.

Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 1 минут 15,38 секундта жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанған Нидерланд өкілі Ангел Далеманнан 1,68 секундқа қалып қойды.

Екінші орынды тағы бір нидерландтық Изабель Гревелт (1:14.66) иеленсе, үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска (1:14.80) түйіндеді.

Еске салайық, Қытайдың Бейжің қаласында өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде Кристина Шумекова осы қашықтықта күміс медаль жеңіп алған болатын.