Президент: Жалпыұлттық ауқымдағы нағыз елдік басқосу

Ақорда

Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумына қатысты. Сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Astana TV.

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы айрықша сала.

 

Бүгін де жыл сайынғы дәстүрге сай мемлекетіміздің аграрлық ахуалын талқылау үшін арнайы жиналып отырмыз.

Алқалы жиынға еліміздің әр аймағынан келген білікті мамандар, диқандар, шаруалар, бір сөзбен, еңбек адамдары қатысып отыр.

Сондықтан бұл форумды жалпыұлттық ауқымдағы нағыз елдік басқосу десек те қате болмас.

Ең алдымен, қазір сөз сөйлеп, өз көзқарасымен бөліскен азаматтарға, инвесторларға алғыс білдіремін, деді Мемлекет басшысы.

 

Жиында су ресурстарын үнемдеу, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту және басқа да өзекті мәселелерге қатысты мазмұнды пікірлер, ұтымды ұсыныстар айтылды.

Президент Үкімет және құзырлы министрлік осы мәселенің бәрін міндетті түрде назарға алуы керектігін тапсырды.