Пара алған ғана емес, пара берген де, оған делдал болған да қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Пара алған ғана емес, пара берген адам да түрмеге қамалуы мүмкін. Қазақстанда мұндай қылмыс үшін айыппұл немесе 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тіпті параны делдал арқылы беру де жауапкершіліктен құтқармайды.  Жазаның ауырлығы параның мөлшері мен қылмыстың мән-жайына байланысты. Ал егер азаматтан пара қорқытып талап етілсе немесе ол пара бергенін құқық қорғау органдарына өз еркімен хабарласа, заңда көзделген тәртіппен қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Мұндай істерді қарағанда сот барлық дәлелдемені жан-жақты зерттеп, адамның кінәсін анықтайды. 

АЙГҮЛ ҚАЛИМҰКАШЕВА, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:

Сыбайлас жемқорлық істері бойынша келген істі солай қалай кінә тағылып келді, айып тағылып келді сол бойынша жібере салу емес, оның шын мәтінде кінәнің дәлелденуіне біз аса көңіл бөлуіміз керек. Және мына қылмыс жасаған адамның әрекеті, оның қылмыс жасағандағы рөлі және т.б. мән-жайларға көңіл бөлу өте қажет болады.