Оралда жаңа емхана салынып жатыр

Оралда бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын жаңа емхана салынып жатыр. Емдеу мекемесі жаңадан бой көтеріп жатқан "Ақжайық" шағын ауданында орналасқан. Үш қабатты ғимарат үш бөліктен тұрады. Қазір іргетасы құйылып, дайын тұр. Мұнда дәріхана, балалар стоматологиясы бөлімі және күндізгі стационар орналасады. Бұған қоса емханада дербес жедел жәрдем қызметі де қарастырылған. Құрылысшылар бұл бөлімшенің де қабырғасын қалап, әкімшілік ғимаратты дайындап қойған. Емхананың жалпы ауданы 4700 шаршы метр көлемінде. Емхана құрылысына бюджеттен 3 млрд 921 миллион теңге бөлінген.  Ал құрылысшылар жаңа нысанды келер жылдың күзінде ел игілігіне пайдалануға береміз деп отыр. 

ФАРХАТ МАРАТОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ:

Адам саны да және материалы да уақытымен, жеткілікті келіп жатыр. 2027 жылы қыркүйекте жұмыстар аяқталады және поликлиника толықтай жұмыс жасап, өз жұмысын атқарып бастайды.