Берекелі бірлігіміздің арқасында көптеген сынақты абыроймен еңсердік – Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 35 жылдық белесінің маңыздылығын атады

Ақорда

Көп ұзамай халқымыз ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді. Бұл – мемлекетіміздің тарихи өсіп-өркендеу жолындағы аса маңызды белес. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.

Осы кезеңде біз талай қилы жолдан аман-есен өттік. Берекелі бірлігіміздің арқасында көптеген сынақты абыроймен еңсердік. Мемлекеттігімізді нығайттық, халықаралық абырой-беделімізді күшейттік.

Біз Қазақстанды бәсекеге қабілетті озық ел ретінде дамыту үшін әлі де белсенді әрі табанды жұмыс істей береміз.

Әрине, осы кезге дейін бәріміз жұрт болып жұмылып, біраз шаруа атқардық.

Өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып, ауқымды реформаларды жүзеге асырдық, – деді Президент.