Ақтөбеде полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген азамат 10 тәулікке қамалды

Фото скрин

Ақтөбеде полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген азамат 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Astana TV.

Қызметтік міндеттерін атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерлеріне бағынбай, олардың жұмысына кедергі келтірген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға барысында азамат Алтай Аманқосов полицейлердің құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату туралы бірнеше мәрте қойған заңды талаптарын орындамаған. Керісінше, жанжал шығарып, полиция қызметкерлерімен сөзге келіп, олардың қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірген. Осыған байланысты азамат полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты жинақталған материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысымен құқық бұзушыға 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Полиция азаматтарға қызметкерлердің заңды талаптарын орындау міндетті екенін ескертеді. Олардың әрекеттерімен келіспеу қоғамдық тәртіпті бұзуға, жанжал шығаруға немесе қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтіруге негіз болмайды. Полиция қызметіне заңсыз кедергі келтірген тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.