Оқушы сабаққа пышақ әкеліп, қатарластарын жарақаттады: мектеп қауіпсіздігі неге осал?

Балалар қауіпсіздігі жайлы сөз қозғадық. Осы тақырыпты енді індете талдауға тырысайық. Қазір мектептерді кім күзетіп жүр? Бұл да көпшілікті  ойландыратын сұрақ. Министрлік былтыр талап енгізген. Білім ордаларын 50 жасқа толмаған, арнайы дайындықтан өткен азаматтар күзетуі тиіс деді. Бірақ сол талап барлық мектепте сақталып жатыр ма? Жоқ, әрине. Кейбір білім ошақтарын әлі күнге дейін зейнет жасына жеткен кісілер күзетіп отыр. Өйткені, күзет компаниялары жауырыны қақпақтай, білегі тоқпақтай жігіттерді іріктеп жататындай күйде емес. Оларға төленетін жалақы тым аз өйткені. Сосын, кейбір компаниялар тіпті лицензиясы жұмыс істеуі де бек мүмкін. Осындай сорақылық барда, мектепте жүрген балаларға бәрібір алаңдап отыруға тура келеді. Қапыда мектепке қауіп төнсе, оқушыларға кім қорған болады?

Биыл ақпан айында Құлсары қаласындағы №6 мектеп оқушысы білім ордасында балтамен ойран салды. Екі оқушы жеңіл жарақат алды. Ал наурызда  Д.Қонаев атындағы Бином мектебінің оқушысы сөмкесіне бір емес, бірнеше суық қару салып кірген. Салдарынан қыз бала өлім аузынан қалды. Бір апта бұрын Астана қаласында да  оқушының сөмкесінен  сабақ құралымен бірге асхана пышағы шықты. Үш жағдайда да кіреберісте күзетші болған. Турникет, бейнебақылау да жұмыс істеп тұр. Бірақ ешқайсысы  мектепке суық қару алып кіруге тосқауыл болған жоқ.  Үш оқиғада да еш кінәсіз оқушылар зардап шекті. Сырттан келген бөгде адамнан емес, қатарласынан. Өйткені металл іздегіш сканердің аты болғанымен, заты жоқ.   Оқушыларды тексеруге  мүлде қолданылмайды.  Күзетшілер әр баланы тексеріп тұруға уақыт та жетпейді,- дейді.

АНДРЕЙ ТҰРДЫҒАЛИЕВ, КҮЗЕТШІ:

Кез келген уақытта қолдануға болады. Біздер сырттан келген бөтен адамдарға қолданамыз. Балаларға қолдануға біздер үлгермейміз. Себебі оқушылардың саны көп болғандықтан. Бір мезгілде көп адам кіргендіктен кедергі келтіре алмаймыз. Сондықтан оқушыларға көп пайдаланбаймыз. Нағыз енді күдікті жағдай болмаса. 

Атырау облысында 164 білім беру ұйымы мамандандырылған күзет қызметімен қамтылған. Білім басқармасындағылар  болса, мектеп оқушысының сөмкесін тексеру күзет қызметінің құзырына кірмейді,- деп отыр.  Баланы сабаққа дайындап жіберу -  ата-ана міндеті дейді.

КӘМШАТ ШОШАҚОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Олардың жеке құзыретіне жеке оқушылардың сөмкелерін ақтарып кіргізу жатпайды. Білім беру ұйымдарындағы күзет қызметі оқушыларыдың құрал жабдықтарын тексеретін металл іздегіштермен жарақтандырылған. Бірақ өздеріңіз білесіз кейбір ұйымдарында бір мезгілде 2 мыңнан аса білім алушылар қатынайтын мезгілдер   бар. Сол кездерде металл іздегіш құралмен 2 мың оқушыны тексеріп кіргізудің өзі қаншалықты уақыт алатыны белгілі. Сол себептен әрбір оқушы, және оқушыларды мектепке дайындайтын ата аналардың жауапкершілігі де  есепке алыну керек.

Өңірдегі білім ошақтары 13 мыңға жуық бейнекамерамен жабдықталған.  400-ден астам турникет бар.  Дегенмен бақылау камерасы әлі жеткіліксіз. Барының біразы ескі, дыбысы жазылмайды, жасанды интелект қосылмайды.

КӘМШАТ ШОШАҚОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазір мониторинг жүргізіп отырмыз. Қазіргі таңда 300-ден астам камераның жасамайтыны анықталды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында 400-ге жуық тағы қосалқы бейнекамера қоюға міндеттелетін соқыр аймақтар анықталды.  Соған сәйкес білім беру ұйымдарының білім бөлімдерінің сұранысына сәйкес 2027 жылға 300 млн-ға жуық қаражатқа сұраныс беріліп отыр, камераларды жаңарту сапасын  жақсарту мақсатында.

Мектептердегі 2500-ге жуық бейнекамера  “Назар” жобасы арқылы полиция департаментінің жедел басқару  орталығына интеграцияланған.  Оқу орнындағы тәртіпті полицейлер де қадағалап отырады.  Бір қызығы, “Назар” жобасымен мектептерде анықталған тәртіп бұзушылықтың есебі жүргізілмейді екен. Бірақ, бақылау күшейгелі, тәртіп бұзушылық азайған.   

ӘДІЛБЕК ҚОЗЫБЕКОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Бейнебақылау арқылы мектептерді  бақылап отырады. Екі бала жұлқыласып жатқан бейнеролик көрсе бірден орнына  жедел уәкіл жібереді. +Мектепте бейнекамера арқылы анықтаған балалардың ешқайсысы  есепте жоқ. Бұл балалармен профилактикалық қылмыстар жүргізілген.  Биылғы жылы  69 рет басып тексерілген SOS кнопкасы. 69дың барлығы дабыл тексеріс  барысында, ешқандай төтенше жағдайлар болмаған.

АЙНАГҮЛ ДҮЙСЕКЕНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Соңғы 3 оқу жылын алатын болсақ, балалар құқық бұзушылықты  мектептің  ішінде не сыныпта жасамайды.  Кейде енді  дәліздің бойынша, сыныпта. Мысалы, бір факт  айтады, бала сүрініп  қалды, ата-ана балаға зәбір көрді деп  камерамен анықтап, балалардың ойнап тұрғандығын, одан кейін де  жағдай орын алған соң   сабақ жалғасып кеткен жағдайда  біз дәлелдеп  ата- аналар арыз талаптарын қанағаттандырған жағдайлар  мектеп болған соң бірнеше рет қайталанады.  

Аймақта былтырғы оқу жылында 2 мектепке “Байқа”  пилоттық жобасы енгізілген. Жасанды интелект арқылы мектептегі тәртіп бұзушылықты  аудио бақылау арқылы да анықтайды.

АЙНАМКӨЗ БИСЕНҒАЛИЕВА, Н. БАЛҒЫНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №42 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Дәлізде және әжетханаларға құрылғылар қондырылды. Біздің мектептің ішіндегі дәліздерге камералардың ішіне  жасанды интелект арқылы құрылғылар қондырылған.  Егер мектепке біреу суық қарумен келсе, немесе мектептің сыртында шарбаққа біреу секіріп кіріп жатса да кешкі уақыттарда соның барлығын фиксировать етіп, өзі видеофиксация жасайды. Біз үнемі таңертең жұмысқа келгеннен кейін кешкі уақытқа дейін біз бақылап отырамыз. 

Бірақ “Байқа” да байқамай қалатын кездер болады. Мәселен, түсірілім барысында бір топ ата-ана 5 сыныпта оқитын баласының сыныптасынан зәбір көргенін айтып шағымданды. Оқушы дәретханада қатарластарын тізіп қойып, кезек-кезек ұрып, тіпті ақша сұрап, қорқытқан көрінеді. Зардап шеккен бір бала мектепке барудан бас тартқан кезде ғана анықталған.

БЛИЦ:

- Балам өзіне қол жұмсауға келе жатыр. Сіз түсінесіз бе?  Менің балам қыркүйектен бастап таяқ жейді екен. Мен оны білмеймін.  Мен бір айдан бері дәрігердежүрмін. Баламынң іші ауырады, іші тоқтамайды.  не үшін бәріне апардым. +Күнде  бүйрегінен соғады екен, күнде тебеді екен. Аяқпен тебеді екен.

-  Қалай ұрады дегенде почкадан ұрады деді, именно почка көгермейтін жер. Балам айтады  мені көп ұрмайды дейді. Жаңағы стресс алған баланы күнде ұрады екен.

Оқиға 1 қабаттағы әжетханада болған. Ол жерге аудиобақылау жоқ. Басшылық жағдайдан хабарсыз. Ұстаздар балалардың өзара ойынына балап, мән бермеген. Дереу учаскелік полиция шақырып, арыз жазылды.  Бала ғаламтордан көрген кинодағы фразаны қайталадым деп ақталуда. Бұл  - пилоттық жоба енгізілген мектептегі жағдай. Сонда басқа оқу орындағы тәртіп пен қауіпсіздік қандай? Қағаз жүзінде ғана мінсіз бе? Оқиғалар қайталанған сайын  ата-ана көкейіндегі қауіп сейілмей, мектептегі балалардың қауіпсіздігі әлі де өзекті күйінде қала бермек.