Танымал театр актері көз жұмды

Фото: ЖИ

Ресейлік театр актері Владимир Устинов 20 қарашада ұзаққа созылған сырқаттан кейін 84 жасында қайтыс болды. Қаралы хабарды Рязань жас көрермендер театры таратты, деп хабарлайды Astana TV.

Устинов сахнадағы еңбек жолын Пермь театрында бастады. 1974 жылы Рязань жас көрермендер театрының труппасына қосылып, осы сахнада жарты ғасырдан астам өнер көрсетті. Балаларға арналған ертегілерден бастап классикалық қойылымдарға дейін 80-нен астам рөл сомдаған актер комедияда да, трагедияда да ойнады. 

Әріптестерінің айтуынша, Устинов қойылым мен дайындыққа ертерек келіп, театр ұжымымен әңгімелескенді ұнататын. Олар актердің әріптестеріне уақыт бөліп, қажет кезде қолдау көрсеткенін еске алды. 

Владимир Устиновпен қоштасу рәсімі 23 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де Рязань жас көрермендер театрында өтеді.