Астанада вирус өршіді: дәрігерлер күшейтілген режимге көшті

Фото: pixabay

Астанада ЖРВИ мен тұмау жұқтыру дерегі көбейіп, медициналық ұйымдар мен жедел жәрдем күшейтілген режимге көшті, деп хабарлайды Astana TV.

Қазіргі статистика:

• Стационарда: 313 науқас емделуде (220-сы – бала, 30-ы – жүкті әйел).

• Емхана бақылауында: 4 559 адам бар, оның 3 132-сі амбулаториялық ем алуда.

• Вакцинация: Бүгінге дейін 143 619 тұрғын (оның ішінде 29 592 бала) тұмауға қарсы екпе алды.

Емханалардың жұмыс тәртібі:

Вирус белгілері бар науқастарды бөлек қабылдайтын сүзгі кабинеттері жұмыс күндері 08:00–20:00, демалыс және мереке күндері 08:00–18:00 аралығында ашық.

Мамандар қолды жиі жууды, бөлмені желдетуді және ауру белгілері байқалса, өз бетінше емделмей дәрігерге қаралуды ескертеді.