Жапонияда жанартау атқылап, күлі бір шақырым биіктікке көтерілді

Фото: видеодан кадр

Жапонияның Кюсю аралындағы Кагосима префектурасында Сакурадзима жанартауы атқылады, деп хабарлайды Astana TV.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, атқылау кезінде жанартау күлі кратерден шамамен 1000 метр биіктікке көтерілген.

Жанартау Кагосима қаласынан шамамен 8 шақырым жерде, Кинко шығанағының қарсы бетінде орналасқан.

Жапонияның жанартау күлі жөніндегі консультативтік орталығы да 2026 жылғы 21 қарашада Сакурадзимада жарылыспен қатар жүретін атқылау болғанын тіркеді.