Жасөспірімді көлік қағып кетті

Фото: Almaty.tv

Алматыда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған екі қыздың бірін BYD көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға күндіз Бостандық ауданында, Абай даңғылының Өтеген батыр мен Тілендиев көшелері аралығындағы бөлігінде тіркелген. Шығыс бағытта келе жатқан көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні соғып кеткен. Түрлі дене жарақатын алған қыз қалалық ауруханаға жеткізілді.

Осыған байланысты полиция департаменті тұрғындарға жолды тек арнайы жаяу жүргіншілер өткелінен өту керектігін тағы да ескертеді. Жол ережесін сақтамау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.