10 күнде 200 келіден астам есірткі тәркіленді

Фото: polisia.kz

Қарашаның алғашқы онкүндігінде 56 есірткі құқық бұзушылығы анықталып, 35 адам ұсталды, деп хабарлайды Astana TV.

Заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі алынды. Жарты миллионға жуық бір реттік дозаның таралуына тосқауыл қойылды.