Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: pixabay

22 қараша сағат 12:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөліктердің барлық түрлері үшін келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Astana TV.

 «Қостанай — Мамлютка» автожолының 226–406 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Мамлютка қаласы);

 «Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы» автожолының 11–73 шақырым аралығы (Петропавл қаласы — РФ шекарасы);

«Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 491–521 шақырым аралығы (Петропавл қаласы — Мамлютка қаласы) жабық.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.