Дастан Сәтпаев “Челси”-ге оралды

Фото: “Челси" ФК

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев санның артқы бұлшықетінен алған жарақатынан емделіп, оңалту курсынан өту үшін уақытша Лондонның «Челси» клубына оралды, деп хабарлайды Astana TV.

«Бернли» сапында жалға алу негізінде ойнап жүрген 18 жастағы футболшының денсаулығын қазір екі клубтың дәрігерлері бірлесіп қадағалауда.

«Бернлидің» бас бапкері Фабио Челестини жас ойыншыны алаңға шығаруға асықпайтынын жеткізді — биылғы маусымда жиі мазалаған жарақаттарының салдарынан Сәтпаев 16 матчтың тек жетеуіне ғана қатысқан, ал оның жалпы топпен жаттығуға және ресми ойындарға нақты қашан қосылатыны әзірге белгісіз.