АҚШ-та полицей бұрынғы хоккейші Нико Саккеттиді атып өлтірді

Фото: Report

АҚШ-тың Миннесота штатында 37 жастағы бұрынғы кәсіби хоккейші Нико Саккетти ұстау кезінде полицейдің оғынан қаза тапты, деп хабарлайды Astana TV.

CBS News арнасына сілтеме жасаған Report.az мәліметінше, бұл туралы Сент-Луис округінің шериф кеңсесі хабарлаған.

Ақпаратқа сәйкес, Саккетти көлікпен адам қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Кейін полицейлермен сөйлесу кезінде өз көлігінен ұзын ұңғылы мылтық алып шыққан. Осы сәтте шерифтің орынбасары оған оқ атып, залалсыздандырған.

Ол кейінірек Хиббинг ауруханасында көз жұмды.

Қазір тергеу амалдарын Миннесотаның қылмыстық тергеу бюросы (BCA) жүргізіп жатыр.