9 жасар бала мұз астына түсіп кетті

Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының Курчатов көшесі ауданы маңындағы батпақты учаскеде 2017 жылы туған кәмелетке толмаған бала мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баланы судан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Алдын ала диагноз - дененің жалпы суықтауы. Бала ауруханаға жеткізілді. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық.

Жұқа мұз адам өміріне үлкен қауіп төндіреді!

Құрметті ата-аналар:

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Балаларға жұқа мұз үстіне шығудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер.

Олардың су айдындары маңында ойнауына және серуендеуіне жол бермеңіздер.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыздар.