23 қарашаға арналған ауа райы жарияланды

Фото: pixabay

Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Astana TV.

«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Республика бойынша тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Сондай-ақ жел күшейеді. Тек еліміздің қиыр шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Төтенше жағдайлар қызметі мен жол полициясы жүргізушілерді тұман мен көктайғақ кезінде жолда барынша сақ болуға шақырды.