«Қазгидромет» синоптиктері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, бірқатар өңірде көктайғақ пен тұман болатынын ескертті. Шығыс және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын күтіледі
Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан бірнеше циклон келеді. Соның әсерінен 24 қарашада көптеген өңірде ауа райы құбылмалы болып, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК болжамына сілтеме жасап AstanaTV хабарлайды.
Ауа райының қолайсыздығы әсіресе елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында байқалады. Бұл аймақтарда көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін.
Солтүстік және орталық өңірлер:
-
Астана қаласы: жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде 0…+2, күндіз +2…+4 градус.
-
Ақмола облысы: қар аралас жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі. Күндіз 0…+5, түнде -3…+2 градус.
-
Қостанай облысы: жауын-шашын, тұман және көктайғақ болжанады. Күндіз +2…+7, түнде -3…+2 градус.
-
Солтүстік Қазақстан облысы: қатты жауын-шашын күтіледі. Күндіз 0…+5, түнде -2…+3 градус.
-
Павлодар облысы: жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Күндіз 0…+5, түнде -3…+2 градус.
-
Қарағанды облысы: қар аралас жаңбыр, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз +2…+7, түнде 0…+5 градус.
-
Ұлытау облысы: жауын-шашын, тұман күтіледі. Күндіз +3…+8 градус.
Шығыс өңірлер:
-
Абай облысы: жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз +5…+10, түнде 0…+5 градус.
-
Шығыс Қазақстан облысы: кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанады. Күндіз +6…+11, түнде 0…+5 градус, шығысында -3 градусқа дейін төмендейді.
Батыс өңірлер:
-
Батыс Қазақстан облысы: жаңбыр мен қар жауып, желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетеді. Күндіз +3…+8, түнде 0…-5 градус.
-
Атырау облысы: күндіз жаңбыр жауады. Күндіз +7…+12, түнде 0…+5 градус.
-
Ақтөбе облысы: кей жерлерде қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі. Күндіз +1…+6, түнде 0…-5 градус.
-
Маңғыстау облысы: күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +12…+17, түнде 0…+5 градус.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлер:
-
Қызылорда облысы: түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін. Күндіз +5…+10, түнде +1…+6 градус.
-
Түркістан облысы: жаңбыр жауып, таулы аудандарда найзағай болуы ықтимал. Күндіз +10…+15, таулы аймақтарда +5 градусқа дейін.
-
Жамбыл облысы: жаңбыр жауып, жел күшейеді. Күндіз +13…+18, түнде +8…+13 градус.
-
Алматы облысы: жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Күндіз +15…+20, таулы аудандарда +5…+10 градус.
-
Жетісу облысы: жаңбыр мен қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Күндіз +10…+15, түнде +2…+7 градус.
Синоптиктердің мәліметінше, 24 қарашада еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 26 қарашаға қарай күндіз ауа температурасы +15…+25 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.