Атырауда қоғамдық көлік оқушыны қағып кетті. Абырой болғанда жеткіншек аман. Оқиға күндіз аялдама маңындағы жаяу жүргінші өткелінде болған. Жол көлік оқиғасын №64 бағыттағы автобус жасаған. Оқушыдан бөлек, қоғамдық көліктегі екі жолаушы медициналық көмекке жүгінген. Үшеуі де арыз жазудан бас тартқан.
ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Азаттық көшесінде Yutong маркалы қоғамдық автобус жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан жаяу жүргінші мен екі жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Автобус жүргізушісі әкімшілікжауапкершілікке тартылды.