Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Президент стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобын құрды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының» құрамын бекітті. Бұл – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған.  Негізгі міндеттері – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу. Әрі талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау. Ұйымның отырысы кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері және Сараптама тобының құрамына енбеген басқа да мамандар қатыса алады.