«Әділет» партясының депутаттары энергия үнемдеу туралы заңға түзетулер әзірлеуде

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2026

Қазақстанда мемлекеттік мекемелердің коммуналдық шығындарын 11 миллиард теңгеге дейін қысқартуға мүмкіндік бар. Мамандар 20 мың мекемеге жүргізген тексеру нәтижесінде осындай қорытындыға келген. Басты мәселе электр энергиясы, жылу, су мен газдың тиімсіз жұмсалуы. Енді бұл шығындарды азайту үшін заңға өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. «Әділет» партиясы ұйымдастырған жиында Құрылтай депутаттары, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері энергия үнемдеу мәселесін талқылады. Мектептер мен ауруханаларды қоса алғанда, бес мыңнан астам әлеуметтік нысанда бақылауды күшейту жоспарланып отыр. Ал отандық өндірушілер мемлекеттік сатып алу тәртібін қайта қарап, инфрақұрылымды жаңартуға қатысты талаптарды өзгертуді ұсынды. Атап айтқанда, сатып алынатын жабдықтардың энергияны үнемдеу талаптарына сай болуын міндеттеу мәселесі көтерілді. 

БЕКЖАН ӘЛІМҚҰЛОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

"Әділет" партиясының алаңында энергия тиімділігін арттыру, энергия үнемдеу мәселелері жөніндегі заңнамалық өзгерістерді талқылау өтті. Талқыланған әрбір мәселе жауапсыз қалмай, ол біздің заңнамаға кіріп, еліміздің энергия тиімділігін арттыру, энергия үнемдеу саясатын арман қарай дамытуға үлкен септігін тигізеді деп сенеміз. 


ЕРКЕБҰЛАН ІЛИЯСОВ, «ALAGEUM ELECTRIC» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Бізде энергия тиімділігін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар бар. Бүгін үш-төрт ұсынысымызды ортаға салдық. Атап айтқанда, энергия аудитінен өтуді заң жүзінде міндеттеу, мемлекеттік сатып алу және «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу тәртібіне өзгерістер енгізу мәселелерін көтердік. Сонымен қатар жабдық сатып алғанда немесе жобалық-сметалық құжаттама әзірлегенде Қазақстанда өндірілетін энергия үнемдейтін трансформаторлар мен басқа да тиімді жабдықтарды қолдануды міндетті талап ретінде бекіту қажет.