Құрылыс нысандарын тексеру мақсатында арнайы дрондар іске қосылды

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2026

Құрылыс нысандарын тексеру мақсатында арнайы дрондар іске қосылды. Бұл олқылықтар мен заңсыз әрекеттердің алдын алуға көмектеседі.  Бұл туралы бүгін «Жаңа Халық Конституциясы тұрғысынан заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» тақырыбында өткен форумда айтылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына арналды. «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттары аясында өткен шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әділетті қоғам қалыптастыруға ықпал етпек. 

ЕРЛАН САПАЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Нұра ауданында қылмыстың саны 16 пайызға төмендеді. Бұған ұшып жатқан дронның да пайдасы бар шығар. Бірінші бізде қазір бұзақылыпқ, нашақорлық қылмыстары көбейіп жатыр, отбасылық тұрмыстық зорлықтар.