Қызылорда қаласында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірге киікке ұқсас жануарлардың 58 өлексесін анықтады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді, деп жазды AstanaTV.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.
Осы орайда комитеті тұрғындарды табиғат қорғау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және жабайы жануарларды заңсыз аулауға жол бермеуге шақырады.