Мәйітін жертөлеге жасырып қойған: Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап өлтірді

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2026

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап өлтіріп, мәйітін жертөлеге жасырған. Жантүршігерлік жағдай Медеу ауданындағы  жеке тұрғын үйде болған. Бірге ішімдік ішіп отырған екі ер адам арасында жанжал шығып, ерегіс кезінде 50 жастағы үй иесі 45 жастағы қонағына пышақ сұғып, өлтірген. Кейін қылмысын жасыру үшін күдікті марқұмның денесін үйдің жертөлесіне апарып жасырып қойған. Алайда жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. 

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жедел-іздестіру шаралары кезінде «Боран-609» патрульдік экипажының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оқиға орнынан қылмыс құрлы тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изолятрына қамалды.