Жетісу облысында браконьерлік бойынша 162 заңбұзушылық анықталды

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2026

Жетісуда браконьерлік бойынша 162 заңбұзушылық анықталды. Арнайы рейдтік тексеріс барысында полиция қызметкерлері киік мүйіздері мен аю аяқтарына ұқсас бөліктер тапқан. Екі аңшылық мылтық тәркіленді. Шалғай аумақтарды әуеден шолып, тиімді бақылау үшін тікұшақ та жұмылдырылған. Күдіктілер ұсталып, 3 қылмыстық, 159 әкімшілік іс қозғалды. 

БАҒЛАН РЫМЖАНОВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД ҚҚБ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Облыс аумағында экологиялық құқық бұзушылықтарды, браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 146 рейдтік шаралар жүргізіліп, нәтижесінде 162 құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша 3 қылмыстық, 159  әкімшілік  істер қозғалды. Қылмыстық құқық бұзушылық Қаратал мен Панфилов аудандарында анықталды.