Қар аралас жаңбыр жауады: Қазақстанның алты өңірінде жол жағдайы күрделенуі мүмкін

Canva

25 қарашада Қазақстанның алты облысында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Осыған байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді, деп хабарлайды AstanaTV.

Компанияның мәліметінше, қолайсыз ауа райы Абай, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстанжәне Шығыс Қазақстаноблыстарында болжанып отыр.

Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз, – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».