Астанада медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін нығайтуға қатысты заңнамалық шаралар талқыланды

Фото: Құрылтай

«Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі: өзекті мәселелерден нақты шешімдерге»тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында Құрылтай депутаттары «University Medical Center» корпоративтік қорының медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды AstanaTV.

Талқылау барысында белгілі кардиохирург, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА академигі, UMC басқарма төрағасы Юрий Пя заң жобасының халық үшін маңыздылығын атап өтіп,қатысушылардың ұсыныстары ескерілетініне және іске асырылатынына сенім білдірді.

Құрылтай депутаты, заң жобасының бастамашысы әрі жұмыс тобының жетекшісі Дана Медеуова UMC басшылығына және Юрий Пяға кәсіби диалог пен сындарлы іс-қимылды ұйымдастырып, белсенді ұстанымын білдіргені үшін алғыс айтты. Ол Мемлекет басшысы алға қойған денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі басымдықтар аясында заң жобасының өзектілігін атап өтті, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін заңнамалық реттеуге байыпты көзқарас қажет екеніне назар аударды. Пациенттердің мүдделері дәрігерлердің құқықтарын жәнекәсіби мүдделерін қорғаумен қатар қарастырылуға тиіс екеніне тоқталды.

«Білікті, ынталы және әлеуметтік тұрғыда қорғалған мамандарсыз сапалы әрі қауіпсіз денсаулық сақтау жүйесін құру мүмкін емес», –деді депутат.


Дөңгелек үстел аясында қатысушылар медицина мамандарының кәсіби қызметінің ең өзекті мәселелерін талқылап, құқықтық және әлеуметтік реттеу тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.

UMC басқарма төрағасының орынбасары, дәрігер-кардиолог Махаббат Бекбосынова кәсіби қауымдастықтардың сараптама жүргізу мен клиникалық хаттамаларды әзірлеудегі рөлі туралы баяндады.

UMC педиатрия клиникалық-академиялық департаментінің директоры Татьяна Иванова-Разумова медицина қызметкерлерінің құқығынқорғау мәселелеріне, соның ішінде пациенттер өз міндеттемелерін орындамауына байланысты дәрігерлер сотқа жеке тұлға ретінде жүгінгенде туындайтын жағдайларға назар аударды.

Қатысушылар медицина қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктері мен қаржылайқорғалуына ерекше мән берді. UMC медициналық директорының орынбасарыТимур Қапышев еңбекке қабілеттілігінен айырылуға соқтырған ауыр жарақатқа немесе дертке байланысты өмірді сақтандыру,мамандарды қорғау бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар медициналық қоғамдастықтың медицина қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін және олардың кәсіби қызметінің шарттарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылған қарар келісілді. Өз кезегінде Дана Медеуова проблемаларды талқылаудан оларды нақты шешу тетіктерін әзірлеуге көшудің маңыздылығыа назар аударды. 

«Қарар жобасында заң жобасына енгізілуі мүмкін және іске асыру үшін жекелеген шешімдер талап етілетін бастамалардың ара-жігі айқындалып, нақты ұсыныстар қамтылады»,– деп түсіндірді депутат.

Бұл тәсіл ұсыныстарды жүйелеуге, қажетті заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды анықтауға және оларды алдағы уақытта жүзеге асыру қадамдарын нақтылауғамүмкіндік береді.


Дөңгелек үстел медициналық қоғамдастық пен заң шығарушы орган өкілдерінің диалог алаңына айналды. Әзірленген бастамалардың басты мақсаты – әр пациенттің және тұтасқоғамның мүддесі үшін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттырудың тиістішарты ретінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін, құқықтық және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру.

Айта кету керек, жаңа заң жобасын талқылауға арналған барлық кездесулер барысында клиницистер, сарапшылар мен кәсіби қауымдастықтар өкілдері әлденеше мәрте рет бірдей өзекті мәселелерді көтеріп, жалпы проблемалық аспектілерді айқындады. Кәсіби қоғамдастықтың пікірлерінің ортақ болуы талқыланатын мәселелердің маңызы жоғары екенін білдіреді, сондай-ақ заң жобасын қабылдаудың шұғыл қажеттілігіне көрсетеді. Мұның бәрі құжаттың денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін үлкен маңызға ие екенін және уақыт талабына сай екенін айқындай түседі.