«Көзге жас үйіретін сәт»: Димаштың анасы ұлының сүйікті шығармасын атады

Фото: ЖИ

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева ұлының концертінен үзінді жариялады. Ол өзіне ерекше ұнайтын шығарманы атап, сол кеште қолдарына ақ ту ұстап келген жанкүйерлердің әрекеті жүрегін толқытқанын айтты, деп хабарлайды AstanaTV.

Айтбаеваның көңіліне жақын туынды – “Бір аспанның тарихы” (Requiem: The Story of One Sky). Ол концертке ақ ту алып келген Dears жанкүйерлерінің бұл қадамын бейбітшілікке үндеу деп қабылдаған.

“Әлемнің бір бұрышында соғыс жүріп жатса, екінші бұрышында бейбітшілікке шақырған үн естіледі… Бейбітшілікті қалайтын, өз қарсылығын үнсіз білдірген Dears жанкүйерлері концертке ақ ту ұстап келді. Ғажап көрініс, көзге жас үйіретін сәт…” – деп жазды Светлана Айтбаева.