Ақтөбеде 10 жастағы қыздың өліміне қатысты сот процесі басталды

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2026

Ақтөбеде жол апатынан көз жұмған 10 жастағы қыз баланың өліміне қатысты сот процесі басталды. Қайғылы оқиға тамыз айында болған. Үйінің маңындағы дүкенге шыққан қызды такси көлігі қағып кеткен. Ауыр жарақат алған бала ауруханада 20 күн бойы ес-түссіз жатып, көз жұмды.Прокурордың мәліметінше, жүргізуші баланы қаққаннан кейін бірден тоқтамаған. Тек қоқыс контейнері мен жол белгісіне соғылған соң ғана аялдаған. Айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындап отыр. Марқұмның ата-анасы моральдық шығынды өндіруді талап етуде. Қылмыстық іс жол қозғалысы қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соғу бабы бойынша қаралып жатыр. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.