Қазақстанда энергетикалық сусындар енді мүлде сатылмауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2026

Қазақстанда энергетикалық сусындар енді мүлде сатылмауы мүмкін. Энергетиктерді өндіруге, елге әкелуге және сатуға толық тыйым салу ұсынылды. Қазір елде энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға болмайды, десе де жасөспірімдердің 40 пайызы оны тұтынады. Соңғы екі жылда энергетикалық сусындардың сатылымы 65 пайызға өскен.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Зиян, себебі өзім де бала шағам да ондай сусын қолданбаймыз, уже 2 жылдан бері. 
-Тыйым салған дұрыс әрине, себебі көбіне жастар 18 бен 25 аралығында көбі қайтыс болады содан.
-Мүмкін сатылымына жас шектеуін қойған дұрыс? Өйткені менің жасөспірім балаларым сатып алады. Денсаулығына жауапкершілікті сезінген шағында қолдану керек.