Жақсылық жасап жүрсіз бе?

Жақсылық жасап жүрсіз бе? Қоғамда жақсылыққа жасайтындар азайып барады. Тіпті, құлап жатқан адамға көмекке жүгіретіндердің өзі қазір бірең-сараң. Керісінше, көмектің орнына камерасын алып шығып  хайп қуатындар көп. Жақсылық жасау – қанға сіңген қасиет. Алайда, оның өзі жойылып бара жатқан сияқты. {1КАМ}Бұрындары біреу үй салса, асарлатып көмектесіп жіберетін. Қазір ақысын бермесең, ешкім қол ұшын бермейтін заман болды. Біздің арна тілшісі Өзгеріс Қуанар павлодарлық тұрғындардың қаншалықты қайырымды екенін тексеріп, әлеуметтік эксперимент жасады. 

ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Бүгін біз әлеуметтік эксперимент жасау үшін қала көшелеріне шықтық. Бұл жолы көлік жүргізушілерінің  сынап көрмекпіз. Егер көлік бұзылып жолда қалса, көмекке келетін қайырымды жан табыла ма екен. Тексеріп көрейік. 

Көліктің қасында қол көтеріп, ұзақ тұрдық. 15 минуттан кейін ғана бір көлік келіп тоқтады. Қуанғанымнан жүгіріп бардым. 
Екінші болып такси көлігі тоқтады. Шамасы жол тосып тұр - деп ойлап қалса керек. Менің қол көтеріп тұрғанымды көріп, жолдың арғы бетінен айналып келді.
Жарты сағат өткен соң үшінші көлік тоқтады.  Бұған да жүгіре басып бардым. 
Үшінші көлікте сүйрей алмайтынын жеткізді. Одан кейін де үмітімізді үзбей біраз тұрдық. Алайда, көлікті сүйрей салайын деген қайырымды жан табыла қоймады. Ал адамдардың бір-біріне қол созбайтын қатыгез болып бара жатқанын қоғам белсендісі, жазушы Серік Елікбай тұрмыстық тауқыметпен байланыстырады. Қара басының қамы үшін жанталасқан адамдар күнкөріс үшін әр жақсылығын сататын, бұлдайтын күнге жеткенін айтады. 

СЕРІК ЕЛІКБАЙ, ЖАЗУШЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Жалпы біздің тас бауыр тартып бара жатқандығымыз бауырымыздың суып бара жатқаны, алақанымыздың жылуы азайып бара жатқан себебі – біздің мынау қалалық мәдениетке көшіп келе жатқанымыз. Себебі, ауылда бірін-бірі танымайтын, бірін-бірі білмейтін жан болмайды. Есіктердің, биік дуалдардың пайда болуы, жіті қарап тексеретін камералардың пайда болуы, адамның адамға сенбеуі, мәдениеттің жекелікке әкеле жатқандығы,  әркімнің өзіне ғана сенетіндігі,  өзгеге сенбейтіндігі. Осының бәрі айналып келгенде бүгінгі кезде бәріміздің кеудеге жүрекке алмайтын, бірін-бірі тартпайтын, бірін бірі сүйремейтін, көмектеспейтін қоғамға алып келді. 

Қым қуыт заманда өмір сүріп жатқан адамдарды да кінәлай алмаймыз.  Дәуірлер алмасып, құндылық өзгерді. Алайда,  өзгермеуге тиіс бір нәрсе, адамгершілік еді. Өкінішке қарай, оның өзі жоғалып бара жатқан сияқты. Өкінішті…