Алматы метросының «Бауыржан Момышұлы» станциясында тексеру кезінде полиция қызметкерлері жас жігіттің рюкзагынан 5,45 мм калибрлі 29 патроны бар оқжатар тапты, деп хабарлайды AstanaTV.
Күдік тудырған зат рентген-телевизиялық қондырғы арқылы тексеру барысында анықталған.
Жас жігіт мән-жайды анықтау үшін Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді.