Кремльде Тоқаев пен Путиннің кездесуі өтті

Ақорда

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды AstanaTV.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Кремльде кездесті.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін, сондай-ақ 27 қарашада өтетін AI Journey 2026 халықаралық конференциясын талқылады.

Сонымен қатар екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларына баса мән берілді.