Жанармай тасығыш көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Фото: Reuters.

Мысырдағы ірі айналма жолда мұнай өнімдерін тиеген көлік аударылып, соның салдарынан шыққан өрттен отыз бір адам қаза тапты, деп хабарлайды AstanaTV.

Reuters. ақпаратынша, 21 адам жарақат алды, деп хабарлады сәрсенбі күні билік өкілдері.

Прокуратураның мәліметінше, өрт Гизаның Әл-Уаррақ ауданындағы туннельдің үстінде тұтанған. Алдын ала бағалау бойынша 27 көлік, соның ішінде жеңіл автокөліктер мен мотоциклдер жанып кеткені анықталды, сондай-ақ қаза тапқандар мен жараланғандар саны және келтірілген шығын көлемі әлі нақтыланып жатқаны айтылды.

Қазір өрт сөндірілген, біраз адам құтқарылды. Әйтсе де, құрбандар саны әлі де артуы мүмкін.