Сантьягодағы аншлаг: Димаш Құдайберген чилилік көрермендерін тәнті етті

Фото: dimashnews

Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Чили астанасы Сантьягода алғаш рет жеке концертін берді, деп хабарлайды AstanaTV.

Santander Arena кешеніне лық толған мыңдаған тыңдарман қазақ әншісін зор ықыласпен қарсы алды. Залдағы көрермендер әншінің композицияларын бірге орындап, кештің көркін қыздырды.

Әншінің ең маңызды авторлық туындыларының бірі — «The Story of One Sky» әні орындалған сәтте көрермендер залы ақ түске боялды. Мыңдаған тыңдарман бейбітшілік, мейірімділік пен бірліктің нышаны ретінде ақ жалаушаларды жоғары көтеріп, композицияның басты идеясына қолдау білдірді.

Чилилік көрермендердің ыстық ықыласы мен ерекше энергетикасы әртістің өзіне де қатты әсер етті.

«Құрметті достар! Сіздердің алдарыңызда өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе әрі толқыныс. Сіздер бізді үлкен бір отбасыдай қарсы алып жатырсыздар. Көп рақмет!» — деп Димаш көрермендерге алғысын білдірді.