Алматыда үй өртеніп, бес адам қаза тапты, арасында бала бар

threads.com/@u.tazhibay

Қайғылы оқиға Бостандық ауданында болды, деп хабарлайды AstanaTV.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама түнгі сағат 03:44-те түскен.Өрт сөндірушілер оқиға орнына төрт минутта жеткен. Бұл кезде тұрғын үй толығымен отқа оранған. Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 35-ке жуық маман мен 9 техника жұмылдырылған.

Өрт салдарынан бес адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Қазір оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр.