Эбола жайлаған Конго қаласында тұрғындар туыстарының мәйітін таба алмай отыр, деп хабарлайды AstanaTV.
Қара жамылған тұрғындар Эбола індетінен көз жұмған туыстарының денесі мәйітханада жоқ екенін айтса, енді бірі жақындарының өздеріне хабар берілместен жерленіп қойғанын мәлімдеді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, 19 жастағы марқұмның туысы Ричард Касерека Мупанда барлық ресми құжаттарды рәсімдегеніне қарамастан, мәйітхана мен емдеу орталығынан жақынының денесін таба алмаған. Қызыл Крест өкілдерімен бірге ішке кіріп іздегенімен, мәйіттердің бұзыла бастауы мен шатасу салдарынан марқұмды анықтау мүмкін болмаған. Ал қала тұрғыны Розетт Сатондва сейсенбі күні ауруханада қайтыс болған қайын ағасын жерлеуге барғанда, қызметкерлер оны бір күн бұрын отбасына ескертпестен жерлеп қойғанын айтқан.
Жерлеу рәсіміне қатыса алмай, жақындарынан хабарсыз қалған отбасылар билік пен дәрігерлерден ең болмаса марқұмдардың жерленген қабірлерін көрсетуді талап етуде.