13 желтоқсаннан бастап №66/65 «Нұрлы жол – Қызылорда» пойызы отандық өндірістен шыққан Stadler вагондарымен қатынайды, деп хабарлайды AstanaTV.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратынша, жаңартылған құрам 416 жолаушыға арналған 9 вагоннан тұрады.
Ұлттық тасымалдаушы 13 желтоқсаннан бастап №66/65 «Нұрлы жол – Қызылорда» пойызының құрамын отандық өндірістен шыққан Stadler вагондарымен жаңартады. Пойыз аталған бағытта күнара қатынайды.
Пойыз құрамында жалпы саны 416 жолаушыға арналған 9 вагон болады. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында вагондар климат-бақылау жүйесімен, жеке жарықтандыру шамдарымен, 220 В электр розеткаларымен, бейнебақылау жүйесімен, қол жүгі мен багажды орналастыруға арналған орындармен және буфет аймағымен жабдықталған.
Билеттерді bilet.railways.kz сайты мен теміржол кассаларынан сатып алуға болады.