Нұрлан Қоянбаев отандық клубтың қожайыны атануы мүмкін

Әлеуметтік желі

Танымал актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев түркістандық «Тұран» футбол клубының басшылығына келуі ықтимал, деп хабарлайды AstanaTV 1Бол!-ға сілтеме жасап. 

 

«Серый кардинал» Telegram-арнасының мәліметінше, Қоянбаев клубтың басты амбассадоры болып қана қоймай, оның үлесіне ие болып, тең құрылтайшыларының біріне айналмақ.

Егер бұл әріптестік жүзеге асса, «Тұран» шымкенттік «Ордабасыдан» үлгі алған болады. Бұған дейін танымал кәсіпкер Бейбіт Әлібеков дәл осындай форматта шымкенттік клубтың тең иесі атанған еді.