Кейбір банкноталар келер жылы айналымнан шығады

фото: pixabay

Қазақстанда 2027 жылы 500, 1 000 және 10 000 теңгелік ескі үлгідегі банкноталар айналымнан кезең-кезеңімен шығарылады, деп хабарлайды AstanaTV.

Ұлттық банктің мәліметінше:

  • 1 000 теңге (2014 жылғы үлгі) - 2027 жылғы 27 наурызға дейін қолданылады;

  • 10 000 теңге (2012 жылғы үлгі) - 2027 жылғы 27 маусымға дейін айналымда болады;

  • 500 теңге (2017 жылғы үлгі) - 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейін төлемге жарамды.

Сондай-ақ 2013/2015 жылғы 20 000 теңгелік банкнотаны ауыстыру жаңа купюра шыққаннан кейін, яғни 2027 жылы басталып, жаңа үлгімен қатар кемінде тағы бір жыл қолданылады.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін ескі банкноталар төлем құралы ретінде қабылданбайды, бірақ оларды үш жыл бойы екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде айырбастауға болады: 1 000 теңге - 2027 жылғы 28 наурыздан 2030 жылғы 27 наурызға дейін, 10 000 теңге - 2027 жылғы 28 маусымнан 2030 жылғы 27 маусымға дейін, 500 теңге - 2027 жылғы 25 желтоқсаннан 2030 жылғы 24 желтоқсанға дейін (ал 2012 жылғы 2 000 теңгелік купюралар 2026 жылғы 25 маусымнан 2029 жылғы 24 маусымға дейін айырбасталады). Көрсетілген мерзімдер аяқталған соң ескі купюраларды тек Ұлттық банктің аумақтық филиалдарында мерзімсіз айырбастауға мүмкіндік бар.