Екібастұзда 42 жастағы жұмысшыны тоқ соғып, көз жұмды

Екібастұзда 42 жастағы жұмысшыны тоқ соғып, көз жұмды. Қайғылы оқиға Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1 аумағында болған. Әзірге оқиғаның қалай болғаны белгісіз. Өңірдің еңбек инспекциясы іс қозғап, тергеу амалын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу қорытындысынан кейін жарияланбақ. 

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ:

Павлодар облысы бойынша еңбек инспекциясы 2026 жылдың 19 қарашасында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жұмыстарын бастады. Қорытындысы қосымша хабарланатын болады.