65 шекаралық ауданның 45-інде халық саны азайып кеткен

Соңғы үш жылда 65 шекаралық ауданның 45-інде халық саны азайып кетті. Бұл – тұрғындардың 69 проценті. Кей ауылдарда, тіпті, әлеуметтік нысанмен қамту деңгейі 50 пайызға да жетпейді. 374 елді мекенде білім беру нысаны, 256 жерде медициналық мекеме жоқ. Құрылтай депутаттары осы түйткілдерді шешу үшін шекаралық ауылдардың бірыңғай тізілімі жасауды ұсынды. 

ЕРЛАН САЙЫР, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Шекара аумағындағы елді мекен деген құқықтық мәртебе беріледі. Міне, осы құқықтық мәртебе Экономика министрлігіне, Қаржы министрлігіне шекаралық ауылдарға қаржыны басымдылықпен беруге мүмкіндік береді. Бұрын шекаралық ауылдарға осы қаржыны көбірек берейін десе Қазақстан унитарлы мемлекет, ондай құқықтық мәртебе болмады.