БҚО-да қайта жаңғыртылған «Жастар» стадионы пайдалануға берілді

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы «Жастар» стадионы күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Стадионның футбол алаңы ФИФА талаптарына сай жабдықталған. Енді мұнда жергілікті тұрғындар қалаған спорт түрімен айналыса алады. Президент тапсырмасына сәйкес, өңірде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылған. Соңғы үш жылда жаңадан пайдалануға берілген 132 әлеуметтік нысанның 24-і - спорт кешені. Осылайша барлық аудан орталығы мен ірі ауылдар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерімен қамтылды. Енді мұндай заманауи нысандар шағын елді мекендерде бой көтеріп жатыр. 

ИСАТАЙ ҚАРАБАЕВ, БӨРЛІ АУДАНДЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Мұнда төрт жолақты 400 метрлік жүгіру жолағы бар. Футбол алаңы бар, баскетбол алаңы, көпбейінді бір жерде волейбол, үлкен теннис, футбол ойнайтын алаңы бар. Жағажай алаңы бар. Сонымен қатар балалар алаңы, күштік жаттығу алаңы жасалған. Жаз мезгілінде халық осында келіп, түгел айналыса алады.