Астанада жоқ iPhone сатқан алаяқ сотталды

Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстанның 31 жастағы тұрғыны смартфон сату туралы хабарландырулар жариялап, алдын ала төлем алып, кейін сатып алушыларды бұғаттап отырған, деп хабарлайды AstanaTV.

Оның әрекетінен төрт адам, соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірім зардап шекті. Жалпы шығын - 1 миллион 50 мың теңге.

Ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот сондай-ақ оны жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге міндеттеді.