Қызылорда облысында заңсыз сақталған 58 киіктің өлексесі анықталды

Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында полиция жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қызыл кітапқа енген киік өлекселері мен мүйіздерін заңсыз сақтаған азаматты анықтады, деп хабарлайды AstanaTV.

Тексеру барысында күдіктінің ауласынан бес киіктің басы, 58 киік өлексесі, үш қап киік терісі, 8 пышақ және бір таразы тәркіленіп, заттай дәлелдемелер ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.