«Әділет» партиясында қолөнершілерді қолдауға бағытталған заң жобасы талқылады

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2026

«Әділет» партиясының алаңында «Қолөнер қызметі туралы» заң жобасы талқыланды. Жиында қолөнершілердің құқықтық мәртебесін айқындау, жеңілдетілген қаржыландыру тетіктерін қарастыру,  отандық бұйымдардың өткізу нарығын кеңейту және шеберлердің авторлық құқықтарын қорғау мәселелері көтерілді. {ЗКТ} Заң жобасын партия фракциясының депутаттары сайлауалды бағдарламада көзделген міндеттерді іске асыру мақсатында әзірлеген. Заңнамалық бастамаға Түркістан қаласында сайлауалды науқан кезінде қолөнершілермен өткен кездесу негіз болған. Сол кезде шеберлер өз кәсібін дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді айтып, саланы заңнамалық тұрғыда қолдау қажеттігін жеткізген. Қазір әзірленген құжат салалық қауымдастықтың талқылауына ұсынылды.

ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қолөнершілерге қатысты заң жобасы бұл жаңа заң жобасы деп айтсақ болады. Осы заң жобасы Әділет партиясы фракциясының бірқатар депутаттарының бастамасымен әзірленді. Қазір Үкімет өкілдерімен салалық уәкілетті органның өкілдерімен талқылау жан-жақты жүргізілуде. Бүгін осы негізгі бастамасы болды деп айтсақ болады. 

АЙГҮЛ ЖАНСЕРІКОВА, «QAZAQ-ONER» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 Қолөнер саласында 25 жылдан астам уақыт еңбек етіп жүргеннен кейін бұл заңның маңыздылығын өте үлкен екеніне көзім жетті. Біздің дәстүрлі қазақтың қолөнері сақталса бізге жұмыс орыны да көбейеді. Туристер де қаптайды. Өзіміздің мына мәдениетімізді де, дәстүрімізді де сақтаймыз ғой. Сондықтан бұл өте маңызды отырыс болды.