«Қайрат» алғаш рет жалпы кезеңде жеңіске жетті
Алматылық клуб өз алаңында швециялық «Мьельбю» командасын 1:0 есебімен ұтты, деп AstanaTV тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесудегі жалғыз голды Еркін Тапалов соқты. Ойынның 14-минутында қазақстандық қорғаушы испаниялық шабуылшы Марк Гуальдің пасынан кейін қарсылас қақпасына доп енгізді.
Матч Алматыда өтті. Қонақтар есепті теңестіруге бірнеше рет мүмкіндік алғанымен, қақпашы Темірлан Анарбеков сенімді ойын көрсетіп, «Қайраттың» қақпасына гол жібермеді.
Турнир кестесіндегі жағдай
Бұл кездесуге дейін алматылықтар сырт алаңда екі рет тең түскен еді. Латвиялық «Рига» және италиялық «Аталанта» клубтарымен өткен матчтар 1:1 есебімен аяқталды. Ал өз алаңында «Панатинаикосқа» 1:5 есебімен есе жіберді.
Жеңілістен кейін «Мьельбю» жеті ұпаймен жалпы турнир кестесінде тоғызыншы орында қалды. Ал бес ұпай жинаған «Қайрат» 15-орынға көтерілді.
Алматылық клуб келесі кездесуін 10 желтоқсанда өз алаңында румыниялық «Университатя Крайоваға» қарсы өткізеді. Ал жалпы кезеңдегі соңғы матчын 17 желтоқсанда Нидерландтың «Твенте» командасымен сырт алаңда ойнайды.